Петропавлда күдікті көлік көпшіліктің зәре-құтын қашырды
СҚО полициясына күдікті көлік жайлы ақпарат түскен, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Нақтырақ айтайық, 1 сәуір күні “102” каналына Петропавл қ. көшелерінің бірінде ұзақ уақыт бойы мемлекеттік тіркеу нөмірлері жоқ “Ауди” маркалы иесіз көліктің тұрғаны туралы өтініш келіп түсті.
Қала тұрғыны көлікте күдікті заттардың бар болуы мүмкін екенін хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “Ауди” автокөлігінің жүргізушісі орнатылды, ол қаланың 31 жастағы тұрғыны болып шықты.
“СҚО ПД қызметкерлері дереу оқиға орнына келіп, көлікте күдікті заттардың бар-жоғын тексерді. Күдікті заттар табылған жоқ”, – деп хабарлады
СҚО ПД баспасөз қызметі.