Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда апалы-сіңлі спортшы қыздарға құрмет көрсетілді

Петропавлда апалы-сіңлі спортшы қыздарға құрмет көрсетілді

Петропавлда солтүстікқазақстандық конькимен жүгіруші қыздарға құрмет көрсетілді. Алина, Кристина және Инесса Шумековалар мен Мария Кузнецоваға лайықты нәтижелері үшін сыйлықтар мен ақшалай сыйақы табысталды. Жаттықтырушылар құрамының жұмысы да атап өтілді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Кездесуде Инесса Шумекова маусымның ауыр, бірақ нәтижелі және эмоционалды болғанын атап өтті. Айта кетейік, солтүстікқазақстандық қыздар спорттық наградалар қоржынын алтын, күміс және қола медальдармен толықтырды.

Халықаралық жарыстар Италияда өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогынан басталды. Кейін Германияда, АҚШ-та, Жапонияда сайыстар болды, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер олимпиадасын да тізімге қосу керек.

“Өздеріңіз білетіндей, біздің облыста конькимен жүгірудің өзіндік бай тарихы. Соңғы төрт олимпиадаға біздің конькимен жүгірушілер тұрақты негізде қатысты. Спорт басқармасы жыл сайын Спорт күнін өткізеді, спортшыларды құрметтеуге тырысады. Бұл спортшылар, жаттықтырушылар үшін аса маңызды. Жұмыстарын, жетістіктерін бағалап отырмыз. Олар бәріміз үшін, халық үшін тырысады”, – деді СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов.

Ел құрамасы сапына Солтүстік Қазақстан облысы тарапынан 450-ге жуық кәсіби спортшы кіреді.

Shares