Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да 3,3 млрд теңгеге 11 заңсыз конкурс жойылды

СҚО-да 3,3 млрд теңгеге 11 заңсыз конкурс жойылды

Жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу саласында қадағалау органының актілері бойынша 3,3 млрд теңгеге 11 заңсыз конкурс жойылып, 17 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 6-ы мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін, оның 3-і жұмыстан босатылып, 3-і қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді. Бұл жайлы СҚО прокуратурасы жазды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі

“Мысалы, Тимирязев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын бұза отырып, орындалған жұмыс актілеріне қол қойып, жеткізушіге тарату желілерін қайта құрудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлегені, іс жүзінде орындалмаған жұмыс үшін сомасы 6, 7 млн.теңге төлем жасалған”, – делінді мемлекетті органда.

Нәтижесінде мемлекеттік қызметшілерге шешім дайындау және қабылдау кезінде заңсыз артықшылық танытылған. Басқа жағдайда, Тимирязев ауылдық округі әкімінің м.а. заң талаптарына қайшы, өнім берушіге балалар спорт алаңын салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмысқа 19,9 млн теңге сомасында ақы төленді.

Осындай заң бұзушылықтарға Аққайың ауданы Астрахан ауылдық округінің әкімі де жол беріп, алаң аумағын тегістеу, жоспарлау және дайындау жұмыстарына 1,3 миллион теңгеге нақты орындалмай төлеген.

“Қадағалау органының актілері және ҚР СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің ұсыныстары бойынша босату түрінде тәртіптік шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар қаржылық бұзушылықтарды жою шараларын қабылдауда”, – деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Shares