Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Сенатор Әсем Рахметова Қызылжар ауданындағы су тасқынына қарсы іс-шаралармен танысты

Сенатор Әсем Рахметова Қызылжар ауданындағы су тасқынына қарсы іс-шаралармен танысты

Сенат депутаты Әсем Рахметованың Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары Прибрежное ауылындағы Озерный орта мектебінде орналасқан қабылдау эвакуациялық пунктіне барудан басталды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Көшіру жағдайы туындаса, ауыл тұрғындары дәл осы жерге жеткізіледі. Ол үшін бөлмелер, соның ішінде ана мен балаға арналған асхана бар.

Сондай-ақ, сенатор жағалауда орналасқан қорғаныс бөгетіндегі жұмыс барысымен танысты. Онда нығайту қарқынды жүріп жатыр: құтқарушылар Ұлттық ұлан академиясының курсанттарымен бірге инертті материал мен қапшықтар дайындауда. Аудан орталығы – Бескөл ауылында маңызды жұмыстар атқарылуда. Қазір жергілікті қызметтер үшін басты міндет – суды бұру. Осындай жұмыс ауданның басқа ауылдарында да жүргізілуде.

“Қорғаушыларымызға жанқиярлық еңбектері үшін алғысымды білдірдім. Аудандық және облыстық мәслихат депутаттары оларға үй тағамдарын ұсынады. Соңғы елді мекенге (Бәйтерек ауылы) де бардық, мұнда бөгет салынды және тәулік бойы барлық көшелерде мотопомпалар жұмыс істеуде”, – деді Әсем Рахметова.

Shares