СҚО-да еріген қар суы 15 автожол учаскесін шайды
СҚО-да СҚО ТЖ департаменті, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар мен тұрғындар су тасқынына қарсы іс-шараларды белсенді жүргізуде.
Соңғы тәулікте – 2 сәуірде елді мекендердің көшелері мен аула аумақтарынан 34 мың 400 текше метрден астам су сорылды. 3 мың 600 метр арық тазартылды. 3 мың 580 дана қап дайындалды, 3270 төселді. 2700 метр канал кеңейтіліп, тереңдетілді.
Таңертеңгі сағат 9-дағы жағдай бойынша еріген қар суы 15 автожол учаскесін шаю тіркелді.
Оның ішінде облыстық маңызы бар жолда – 2 шаю, аудандық маңызы бар жолдарда – 13 шаю. Белгілер қойылды. Жергілікті атқарушы органдар мен полицияның күшімен кезекшілік ұйымдастырылды.
“Тайынша, Тимирязев, Ғ. Мүсірепов, Уәлиханов және Айыртау аудандарында СҚО ТЖД және Түркістан облысы ТЖД топтық бөлімшелері 114 адам, 7 бірлік техника және 21 мотопомпамен жұмыс істеп, ЖАО-ға су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға көмектесуде. Олардың күшімен 900 дана қапшық дайындалды, 5,5 мың литрден астам су сорылды, 350 метр бөгет нығайтылды”, – деп хабарлады СҚО ТЖД.