Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Кожевенный ауданы мен Тепличное ауылының тұрғындарына су тасқыны кезіндегі ережелер айтылды

Кожевенный ауданы мен Тепличное ауылының тұрғындарына су тасқыны кезіндегі ережелер айтылды

Құтқарушылар, полицейлер мен еріктілер Тепличное ауылы мен Кожевенный ауданын аралап шықты. Олар тұрғындарға су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Біз түсіндірме жұмысын өткіздік, адамдарды алдағы су тасқыны туралы хабардар еттік. Тепличное және Прибрежное ауылдарында тұрғын үйлерді су басу қаупі бар. Біздің міндетіміз – су басқан жағдайда эвакуациялау орындары туралы хабарламаларды тапсыру, қалай әрекет ету керектігін түсіндіру”, – деді Қызылжар ауданы ТЖБ бас маманы Жанат Мұхаметқалиев.

Ауыл тұрғындарына берілген жадынамаларда үлкен су келген жағдайда іс-қимыл жоспары егжей-тегжейлі сипатталған. Адамдарға азық-түлік пен су қорын дайындау, суды, газды және электр қуатын өшіру, пештегі отты сөндіру, төменгі қабаттардың терезелері мен есіктерін нығайту қажет екені кеңінен айтылды.

Мамандар төтенше жағдайлар кезінде “112” қызметіне қоңырау шалуды сұрайды. Тепличное ауылында 860 адам тұратын 360 үй бар. Ал Кожевенный ауылында 100-ден астам үй бар.

“Арнайы штаб құрдық, телефон нөмірлері жазылған қағаздар тараттық. Бізде жедел әрекет ету мақсатында еріктілер жасақталған. Әр ауданда еріктілер бар. 7 мобильді капитан таңдалды және олардың әрқайсысына 15-20 ерікті бекітілген”, – деді Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Дамир Әбдин.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға облыстың түкпір-түкпірінде 1000-нан астам ерікті тартылды.

Shares