Сергеев су қоймасындағы көрсеткіш өзгерді
Сағат 16:00-де Сергеев су қоймасының ернеуінен асқан су деңгейі 260 см-ге дейін көтерілді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 1060 см, ал судың жалпы көлемі 1032 млн м3 құрайды, – деп хабарлайды “Қазгидромет” РМК өңірлік филиалы. Сағат 8:00-ден бастап су торабындағы су деңгейі 50 см-ге көтерілді.
Осындай қауіпті табиғи құбылыс кезеңінде ТЖ болдырмау мақсатында ТЖ Департаменті өңір тұрғындарын Есіл өзені мен оның салаларында, Солтүстік Қазақстан облысының басқа да су айдындарында мұзға шықпауға және мұз үстінде жүрмеуге шақырады.
“Бұл өлімге әкелуі мүмкін! Осы қауіпті кезеңде балаларға ерекше назар аудару керек, олар су айдындарына жақын жерде ойнамауы тиіс. ТЖ қаупі төнген немесе туындаған жағдайда департаменттің кезекші диспетчерлік қызметінің 112 телефонына немесе Департаменттің жедел штабының 55-10-10 телефон нөміріне хабарласа алатыныңызды еске саламыз. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді”, – деп хабарлады ведомство.