Мамандардың жіті бақылауындағы Сергеев су қоймасында көрсетіш 290 см жетті
Сергеев су қоймасының ернеуінен асқан су деңгейі әр төрт сағат сайын артуда. 20:00-де маңызды көрсеткіш 290 см құрады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Су торабындағы су деңгейі – 1090 см, ал су көлемі 1073 млн м3 құрайды (сыйымдылық 693 млн м3). Петропавл су қоймасындағы су деңгейі – 707 см.
Солтүстік Қазақстан облысының су айдындарында мұзды көтеру жалғасуда, су мұздың үстінен ағып жатыр.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, 2024 жылғы 9-12 сәуір аралығында Қазақстанның солтүстігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын жаңбыр түрінде болады деп болжануда.
“Жауын-шашын тоқтағаннан кейін ауа температурасының біртіндеп төмендеуі солтүстік – батыста, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында байқалады. Температура түнде 0-5-тен 1-6 салқынға дейін, ал күндіз 12-20-дан 3-10-ға дейін түседі деп болжануда”, – делінген синоптиктердің хабарламасында.
Гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда “Қазгидромет” халықты су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар ететін болады.