Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Үлкен судың келуіне “Қызылжар су” ЖШС мамандары тыңғылықты дайындалуда

Үлкен судың келуіне “Қызылжар су” ЖШС мамандары тыңғылықты дайындалуда

Қазір “Қызылжар су” ЖШС аумағында қорғаныс құрылысын ұлғайту және нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл үлкен су келген жағдайда қалалық су арнасы жұмыс істеп, халықты тіршілік көзімен әрмен қарай қамтамасыз етуді жалғастыруы үшін жасалады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Үлкен суды күтіп отырмыз, осыған орай өзіміз бөгет салуға кірістік. Бөгет 3-4 күнде жасалды. Бұл бөгет 2017 жылы болды, сол кезде бізді құтқарған еді. Биылғы жағдай бойынша бөгетті тағы бір метрге көтеру жайлы нұсқау берілді. Жұмыстың көп бөлігін өз бетімізше тындырамыз, инертті материал жөнінен жергілікті биліктен көмек бар. Қоршау бөгеті біздің кәсіпорынның аумағында салынуда. Оның жалпы ұзындығы шамамен 400 метр. Бір күнде, яғни бүгін бөгеттегі жұмысты аяқтаймыз деп ойлаймын”, – деді “Қызылжар су” ЖШС атқарушы директоры Арман Саутов.

Shares