Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Сергеев қоймасынан аққан судың биіктігі 410 см түсті

Сергеев қоймасынан аққан судың биіктігі 410 см түсті

“Қазгидромет” СҚОФ хабарлағандай, 10 сәуір күнгі 16:00 жағдай бойынша Сергеев қоймасынан аққан судың биіктігі 410 см құрады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Су торабының толымдылығы – 179 %. Су қоймасының көлемі – 1241 млн текше метр. Су деңгейі – 1210 см.

Сергеев су қоймасындағы көрсеткіш төмендегенімен, Есілдің бойындағы ауылдарда жағдай мәз емес. Новоникольское ауылы маңындағы Есіл өзені көтерілуде – қазір белгі 1667 см. Покровка ауылы маңындағы өзен бөлігінде су деңгейі 1579 см.

Петропавлда Есілдегі су деңгейі 809 см-ге дейін көтерілді, қауіпті деңгей 960 см болып табылады.

Shares