Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » 40 келі палау және 40 литр ыстық шай: СҚО Кәсіпкерлер палатасының мүшелері су тасқынының алдын алып жатқан адамдарға тамақ ұсынды

40 келі палау және 40 литр ыстық шай: СҚО Кәсіпкерлер палатасының мүшелері су тасқынының алдын алып жатқан адамдарға тамақ ұсынды

Заречный кентінде күні бойы құтқарушылар мен әскери қызметшілер еңбек етуде. Бүгін бұл шағын ауданға СҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдері және осы ұйымға қарасты кеңес мүшелері барды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Олар Заречный кентіндегі қорғаныс құрылысын нығайтуға кіріскен 150 азаматқа 40 килограмм палау мен сонша литр ыстық шай таратты.

“СҚО-да су тасқынының алдын алу үшін облыстық қор құрылды. Мен СҚО кәсіпкерлеріне жүгінгім келеді, қазір қолдан келгенше көмек көрсетулеріңіз қажет. Әрекет ету керек”, – деді СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин.

Shares