Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Серік Мұхамедиевтің су берудің тоқтауына қатысты пікірі: «Жұмысты 4 сағат ішінде аяқтау жоспарлануда. Сабыр сақтаңыздар»

Серік Мұхамедиевтің су берудің тоқтауына қатысты пікірі: «Жұмысты 4 сағат ішінде аяқтау жоспарлануда. Сабыр сақтаңыздар»

«Құрметті қала тұрғындары! Кеше түнде бізге үлкен көлемде су келді. Прибрежное ауылы маңындағы бірінші көтергішке қарасты сорғы станциясына электр қуатын жеткізетін 4 желісі бар бағаналарды мұз кесектері зақымдады. Соның салдарынан қалаға су беру шектеліп отыр. СҚЭЖТК жедел тобы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Жұмысты 4 сағат ішінде аяқтау жоспарлануда. Сабыр сақтаңыздар. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймын», – деді қала әкімі.

Үндеуінде шаһар басшысы барлық әлеуметтік нысандар мен қала тұрғындарына су жеткізу ұйымдастырылатынын атап өтті.

Shares