Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Республикалық Тәжік этномәдени орталығы СҚО-ға гуманитарлық көмек тапсырды

Республикалық Тәжік этномәдени орталығы СҚО-ға гуманитарлық көмек тапсырды

Петропавлға Астанадан су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмекпен тағы 7 көлік келді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қазақстан тәжіктерінің республикалық орталығынан гуманитарлық көмек келді. Азық-түлік, гигиена құралдары, көрпелер, төсеніштер, жастықтар әкелінді. Әр отбасы үшін қажетті заттардан тұратын қораптар дайындалды. 700 адамды қажетті заттармен қамтамасыз етеміз. Көмек Қазақстан халқы Ассамблеясының “ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ” жобасы аясында жиналды”, – деді су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету жөніндегі ҚХА штабының басшысы Акбаржон Исмаилов.

Айта кетейік, бұл көмек Заречный кентінің, Тепличный ауылының және Былғары зауыты шағын ауданының тұрғындарына беріледі.

Shares