Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қозыбаев университетінің студенттері қомақты ақшалай жүлде мен Германияға жолдама жеңіп алды

Қозыбаев университетінің студенттері қомақты ақшалай жүлде мен Германияға жолдама жеңіп алды

Агротехнология факультетінің студенттері Eurasia Group Kazakhstan өткізген “Цифрлық агролидерлер” байқауының жеңімпазы мен жүлдегері атанды. Финал Көкшетауда өтті. Жеңіс үшін Астана, Көкшетау, Петропавл және Шағалалы ауылының балалары сынға түсті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Бағдарлама 2 күнді қамтыды. Тимбилдингтер, шеберлік сабақтары, экскурсиялар, “Болашақ трендтері” командалық турнирі өткізілді, нақты кейстер шешілді. Қатысушылар батыл идеяларды ортаға салды, олардың көпшілігі жаңа көзқарастарымен және жас ұрпаққа тән еркіндігімен ерекшеленді.

“Жыл артқан сайын студенттердің байқауға деген қызығушылығы артып келеді. Бұл – өзін-өзі көрсетудің, заманауи ауыл шаруашылығындағы керемет жаңалықтар туралы білудің және армандаған жұмысқа орналасудың бірегей мүмкіндігі. Біз болашақ цифрлық агролидерлеріміз бәсекелестік рухымен қатар ынтымақтастық талантына ие екенін және саланың инновацияларын дамытуға өз күш-жігерін салуға дайын екенін көреміз”, – деп атап өтті конкурсты ұйымдастырушылар.

Командалық байқауда Қозыбаев университетінің студенттері Диана Мартысюк, Виктория Пичугина және Алдияр Ғабдулин 1 орын және 450 000 теңгеге сертификат жеңіп алды. Алдияр жеке есепте де жүлдегер атанды. Ол Данияр Қожахметовпен бірге 2 орынды жеңіп алып, Германиядағы “Gremme” зауытына жолдама жеңіп алды. Бұл – ауыл шаруашылығына арналған техника өндірісінің әлемдік көшбасшысы.

 

 

Shares