Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да 4 мыңнан астам оқушы қашықтықтан білім алуда

СҚО-да 4 мыңнан астам оқушы қашықтықтан білім алуда

22 сәуірдегі жағдай туралы Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасында айтылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Бейінді органның мәліметінше, қашықтықтан оқыту форматына Қызылжар ауданының 11 мектебін қоса алғанда, 18 мектептегі 4348 оқушы ауыстырылды.

“Бұл – “Озерная орта мектебі” КММ – 240 оқушы, “Парасат” мектеп-лицейі” КММ – 330 оқушы, “Бескөл №2 орта мектебі” КММ – 476 оқушы, “Якорь орта мектебі” КММ – 333 оқушы, “Бескөл № 3 орта мектебі” КММ – 409 оқушы, “Большая Малышка орта мектебі” КММ – 156 оқушы, “Соколовка орта мектебі” КММ – 272 оқушы, “Пеньков орта мектебі” КММ – 169 оқушы, “Барнев бастауыш мектебі” КММ – 9 оқушы, “Долматов негізгі мектебі” КММ – 26 оқушы, “Белое орта мектебі” КММ – 116 оқушы”, – деп СҚО білім басқармасының хабарламасында айтылған.

Ал Петропавл қаласында 3 мектеп қашықтықтан оқуда. Бұл “№13 орта мектеп” КММ – 178, “№ 14 орта мектеп” КММ – 423, “№ 12 орта мектеп” КММ – 310. Сонымен қатар, 4 облыстық мектептің оқушылары онлайн режимінде білім алуда. Бұл “Дарынды балаларға арналған “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” облыстық мамандандырылған лицей-интернаты” КММ – 218 оқушы, “Ермек Серкебаев атындағы өнердегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты – “Өнер колледжі” кешені” КММ – 128 оқушы, “Балабақша-мектеп-интернаты” арнайы кешені” КММ – 74 оқушы, “Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернаты” КММ – 481 оқушы.

Shares