Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Қозыбаев университетінің студенттері полиатлоннан өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Қозыбаев университетінің студенттері полиатлоннан өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

April 23, 2024 11:01

Могилев қаласында (Беларусь) полиатлоннан Әлем чемпионаты өтті. Жарысқа Қозыбаев университетінің екі студенті қатысты. Никита Изотов (ФКНВП-21) 21-23 жас аралығында әлем чемпионына бір ұпай ғана есе жіберіп, 2 орын еншіледі, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Университеттің баспасөз қызметі атап өткендей, Никита ату сайысында 100-ден 98 ұпай жинап, өзінің жеке рекордын орнатты. Сондай ақ, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

“Хамзин Арсен (ФКС– 21) де өзін жақсы көрсетті. Спортшы 18-20 жас аралығындағы топта күміс медаль жеңіп алды және 316 ұпаймен спорт шебері нормативін орындады. Қазіргі уақытта біздің балалар мамыр айының басында Ақтауда өтетін бессайыстан Қазақстан чемпионатына дайындалуда”,- деп атап өтті университеттің баспасөз қызметі.

Полиатлоншыларды “Дене шынықтыру және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі” кафедрасының аға оқытушысы Александр Наумов жаттықтырады.

Shares