Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлдағы жылыжайда күніне 10 тоннаға дейін қияр жиналады

Петропавлдағы жылыжайда күніне 10 тоннаға дейін қияр жиналады

 «Зелёный север» ЖШС-да қияр өсірумен 70 адам айналысады. Жұмысшылардың 80 пайызы – көкөніс өсірушілер. Компания жергілікті нарыққа бағытталған, сондықтан өнімнің аз ғана пайызы көршілес өңірлерге сатылады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Бір аптадан кейін тағы бір бөлім өнім бере бастайды. Біз ол жерге наурыз айының соңында тұқым ектік. Түйнекті қияр жинаймыз. Жоспар бойынша бір тәуліктің ішінде көрсеткіш 3 тоннаға дейін жетеді. Айына көп дегенде 300 тоннаға жуық өнім жиналды. Бұл қаңтар және ақпан айларында болды», – дейді «Зелёный север» ЖШС директоры Екатерина Асаёнок.

Қазір жылыжайда қызанақ өсіру экономикалық тұрғыдан тиімсіз, деп атап өтті кәсіпорын директоры. Нарықтағы жағдай өзгерсе, компания даму стратегиясын қайта қарайды, деп қорытындылады Екатерина Асаёнок.

Shares