Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Алматылық гастроэнтеролог-дәрігер петропавлдықтарды қабылдауда

Алматылық гастроэнтеролог-дәрігер петропавлдықтарды қабылдауда

Гастроэнтеролог-дәрігер Айнаш Танабаева ішектің қабыну ауруларын емдейді. Білікті маман облыс орталығына сонау Алматыдан арнайы келді. Ол көпсалалы облыстық аурухананың қабырғасында екі күн науқастармен кездеседі, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Мен Петропавлға кеше ғана келдім, мұнда ауыр науқастар, ішектің қабыну аурулары бар науқастар тұрады. Солар бойынша консилиумдар өткізу, оларды одан әрі емдеу туралы мәселені шешуге ат салыспақпын. Республикалық деңгейдегі ұйымда жұмыс істейтініміз ескеріліп, біз барлық өңірлер үшін осындай ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жүргіземіз. Біздің көптеген қызметкерлеріміз Қазақстанның барлық өңіріне барады. Әр сапарда ауыр науқастарға кеңес беріледі, олардың терапиясын түзету жүргізіледі және жоғары технологиялық ем жүргізу үшін науқастарға біздің ауруханаға жату ұсынылады”, – деді Алматы қаласы кардиология және ішкі аурулары ғылыми-зерттеу институты кафедрасының ассистенті Айнаш Танабаева.

Науқастарды қабылдаудан басқа Айнаш Танабаева жергілікті дәрігерлер үшін шеберлік сабағын өткізеді. Мұнда дәрігерлер асқазан-ішек жолдарының қабыну ауруларын емдеу әдістерін талқылайды.

Shares