Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Қозыбаев университетінің көпсайысшылары Қазақстанның жазғы чемпионатында 9 медаль еншіледі

Қозыбаев университетінің көпсайысшылары Қазақстанның жазғы чемпионатында 9 медаль еншіледі

Қозыбаев университеті спорт клубының көпсайысшылар командасы полиатлоннан өткен Қазақстанның жазғы чемпионатында 9 медаль еншіледі. Жарыс Ақтау қаласында өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Үшінші курс студенті Никита Изотов Каспий жартылай марафонын ұтып, үш алтын медаль жеңіп алды: бессайыста, үшсайыста және абсолютті біріншілікте.

Естеріңізге сала кетейік, Никита – әлем чемпионатының жүлдегері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Соңғы жарыстардағы жеңіс спортшының марапат қоржынын толықтырды және оның көшбасшылығын тағы бір дәлелдеді.

“Сондай-ақ, біздің студент, ҚР спорт шебері Арсен Хамзин де ҚР жеңімпазы атанды, ол бессайыста “алтын”, үшсайыста “қола” және абсолютті біріншілікте “күміс” медаль жеңіп алды. Юлия Безушко да тамаша нәтиеже көрсетті. Жерлесіміз 21-23 жас тобында бірінші орын иеленді. Ал Юлия Крец 18-20 жас тобында 4 орын еншіледі”, – деп хабарлады ЖОО.

Өз шәкірттеріне команданың жаттықтырушысы, жастар білім алатын кафедраның аға оқытушысы Александр Наумов мысал бола алады. Ол үнемі ардагерлер санатында өнер көрсетеді. Ақтауда тағы да жұлдызы жанды. Осылайша, жерлесіміз Қазақстан чемпионаттарында 52-ші мәрте атой салды.

Shares