Петропавловск
+21°C
Главная страница » Экономика » 2024 жылы 1500-ден астам солтүстікқазақстандық қаржылық сауаттылық негіздері бойынша оқытылды

2024 жылы 1500-ден астам солтүстікқазақстандық қаржылық сауаттылық негіздері бойынша оқытылды


Өңірде “Қарызсыз қоғам” атты қаржылық сауаттылық негіздеріне оқыту жобасы іске асырылуда. Жыл соңына дейін 4,5 мыңға жуық адам несиелерді оңтайландыру және басқа да қаржылық мәселелер бойынша консультативтік, заңгерлік және практикалық көмек алады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

1500-ден астам адам оқудан өтті. Ал жоба бастау алғалы бері 5700 солтүстікқазақстандық қаржылық тәуелсіздік дағдыларын меңгерді. Тренингтер барысында азаматтар отбасылық бюджеттің аудитін және шығындарды басқаруды үйренді, өздеріне тиімді шарттарда несиені қалай таңдау керектігін және алаяқтармен қалай күресу керектігін үйренді. Сондай-ақ, қаржы сарапшылары өз ісін бастау үшін бизнес-жоспар жазуға көмектеседі және жеке кеңес береді.

“Биылғы оқу аясында қолданыстағы кредиттер бойынша жеке заң көмегін 12 адам, ал өткен жылы 30-дан астам азамат алды. Біз Петропавл мен облыстың барлық ауданын қамтыдық. Сол жерлерге бір жыл ішінде қайта барамыз. Ай сайын үш топ тренингтен өтеді – олардың әрқайсысы бес күн бойы білім алады”, – деді жоба сарапшысы Дмитрий Шледевиц.

Курстарға Астана мен Солтүстік Қазақстан облысынан 4 сарапшы тартылды. 2023 жылы жоба бойынша 4200-ден астам солтүстікқазақстандық оқытумен қамтылды.

Shares