Петропавлдық оқушы Бразилияда өтетін халықаралық олимпиадаға қатысады
Бірінші гимназияның оқушысы Егор Глухик жарады. Ол лингвистикалық олимпиаданың республикалық кезеңінде жеңімпаз атанды және лингвистикадан өткен алтыншы Азия-Тынық мұхиты олимпиадасының күміс жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Оқушы осы жетістіктерінің арқасында Қазақстан құрамасының мүшесі атанды. Енді XXI халықаралық лингвистикалық олимпиадада бақ сынайды. Зияткерлік сайыс Бразилияда 23-31 шілде аралығында өтеді.
“Олимпиадаға іс жүзінде бірнеше жыл дайындалдым, бұған дейін облыстық кезеңдерге қатысып, орын ала алмадым. Қалалық деңгейде әрдайым жоғарыдан көрінетінмін. Ал биылғы жылы қалада, облыста және республикада бірінші орынға ие болдым”, – деді Петропавл қалалық Бірінші гимназиясының оқушысы Егор Глуких.