Көрікті Көкшетауда баруға болатын ТОП-3 жер
Шағын, таза әрі жасыл. Осы үш теңеу арқылы көрікті Көкшетау қаласын сипаттауға болады. Аталған шаһарға Петропавлдан көлік арқылы 2,5 сағатта жетесіз. QZ Media тілшісі Ақмола облысындағы ең жайлы қалалардың біріне кез келген жанды ынтық қыларлық үш орынды таңдады.
Қопа көлінің етегінде орналасқан жағалау көпшілікке ұнайды. Нақтырақ айтсақ, Көкшетауға кіреберісте серуендеу алаңы мен жағажай орналасқан. Мұнда тәуліктің кез келген уақытында әдемі. Әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары, бірнеше пирс, амфитеатр форматында жасалған шағын аумақ бар. Соңғысында сіз әдемі көріністі тамашалай немесе жай ғана су бетіне тамсана аласыз. Жазда жағалауда ерекше атмосфера болады, ал демалыс күндері жағажайдан бос орын табылмайды. Сонымен қатар, мұнда өзіңізбен бірге сусын мен тағамдар алуға болатын шағын кофехана бар.
Әрмен қарай жалғастырамыз! Жағалаудан атақты Көкшетау деген жазу көрінеді. Оны алыстан емес, жақыннан көрген дұрыс. Егер сіз жазуға жетсеңіз, төбедегі шолу алаңынан жан-жақ алақандағыдай көрінеді. Түнде Көкшетау жазуы әртүрлі бояумен жарықтандырылады. Бұл – естелік үшін фотосуреттер мен видео түсіруге тамаша орын. Дегенмен, баспалдақ өте көп. Төбеге көтерілу барлығының бірдей қолынан келмейді. Бұл жайтты егде жастағы адамдар, отбасылық компаниялар ескеруі керек.
Көкшетау – ақын-жазушылардың, сал-серілердің мекені. Бұл жерде талай таланттың ізі қалған. Сондықтан, QZ Media тілшісі қонақтарға театрларға баруды ұсынады. Ақмола облыстық орыс драма театры немесе Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры келушілерді қабылдайды. Олардың репертуары әртүрлі, ересектер мен балаларға арналған қойылымдар бар. Айтпақшы, солтүстікқазақстандықтарды туындыларымен қуанту үшін көкшетаулық театр ұжымдары Петропавлға жиі келіп тұралы.