Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда өткен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің республикалық форумына жүзден астам адам қатысты

Петропавлда өткен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің республикалық форумына жүзден астам адам қатысты

Оқушылар сарайында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің республикалық форумы өтті. Іс-шараны “Қазақ тілі” халықаралық қоғамының мүшелері және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің сарапшылары ұйымдастырды. Бастаманы жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қолдады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Форумның негізгі мақсаты – біздің өңірде мемлекеттік тілді дамыту. Бұл – СҚО-дағы ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан, біз жас ұрпақтан аға буынға дейін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз”, – деді “Қазақ тілі” халықаралық қоғамы” ҚБ СҚОФ төрағасы Жанат Мұхамеджанов.

Кездесуге 150-ге жуық жергілікті оқытушы, сондай-ақ әртүрлі салада еңбек етіп жүрген филология ғылымдарының докторлары қатысты. Олар оқушылардың қазақ тілінде оқу сауаттылығы мен академиялық жазу мәдениетін дамыту туралы әңгімелеп, оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру мәселелерін талқылады.

“Соңғы 5 жылда қазақ тілін дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргіздік. Егер осы қарқынмен жұмыс істесек, онда біз бұдан да көп жетістікке жетеміз. Өкінішке қарай, әлі кеуде қаға алмаймыз”, – деді Шал ақын ауданындағы Қазақ тілі қоғамының төрағасы Анаргүл Қожахмет.

Shares