Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда 6 үй ошағында көкжөтелдің 14 жағдайы анықталды

Петропавлда 6 үй ошағында көкжөтелдің 14 жағдайы анықталды

2024 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Петропавлда көкжөтелдің зертханалық расталған 28 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Көкжөтел ауруы өсуінің басты себебі – ауру адамдарда вакцинацияның болмауы, көкжөтелмен ауырғандардың барлығы осы инфекцияға қарсы вакцинацияланбаған, дейді санитарлық дәрігерлер.

“Барлық жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді. Оның ішінде: ұйымдастырылмаған балалар – 24 жағдай, мектепке дейінгі балалар – 3 жағдай. Ал оқушылар арасында 1 жағдай анықталды. Көкжөтелдің әрбір жағдайына эпидемиологиялық тексеру жүргізу барысында барлық расталған жағдайдың 50% өзара байланысты екені анықталды, яғни 6 үй ошағында көкжөтелдің 14 жағдайы анықталды”,- деді Петропавл қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Серік Аусатов.

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, көкжөтелге қарсы екпенің салынбауына бірнеше себеп бар: 20 жағдайда – баланың ата-анасының бас тартуы, 7 жағдайда – медициналық қарсы көрсетілімдер бар, 1 жағдайда – вакцинация жасына жетпеуі.

Shares