Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Теріскейлік есту қабілеті бұзылған спортшылар Әлем чемпионатында жүлде еншіледі

Теріскейлік есту қабілеті бұзылған спортшылар Әлем чемпионатында жүлде еншіледі

June 11, 2024 12:37

Астанада есту қабілеті бұзылған 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында сурдо-футзалдан Әлем чемпионаты ұйымдастырылды. Жарыс 1-10 маусым аралығында өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Турнирге Қазақстан, Бразилия, Украина, Оман, Иран, Әзірбайжан, Тәжікстан, Таиланд, Сауд Арабиясы және Өзбекстан құрамалары қатысты.

Айтулы додада СҚО намысын “Үміт” мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының тәрбиеленушілері Владислав Чечета мен Бекзат Уатаев қорғады. Олар Әлем чемпионатының күмісін жеңіп алды.

Shares