Петропавловск
+21°C
Главная страница » Әлем жаңалықтары » Шотландияда ересектерге арналған балабақша ашылды

Шотландияда ересектерге арналған балабақша ашылды

Шотландияда өзін қайтадан бала сияқты сезінгісі келетін ересектер үшін балабақша ашылды, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі News.ru Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ерлер мен әйелдер күні бойы конструктор жинайды, қолөнер жұмыстарын жасайды, ертегілер тыңдайды, құмсалғышта ойнайды және жаңа адамдармен танысады.

Мұндағы мақсат – үлкендер бір күнге өз проблемаларын ұмытып, қайтадан бала болу мүмкіндігін иелену.

Қоса кетейік, мекемені толыққанды балабақша деп атауға болмайды. Бұны ересек болудан шаршағандар үшін интерактивті ойын деген дұрыс. Солей есімді ұйымдастырушы 16 жастан асқан адамдарды күніне сегіз-он фунт үшін балабақшада уақыт өткізуге шақырады.

Shares