Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да МӘМС аясында инсульт алған 303-тен астам адам медициналық оңалту шараларымен қамтылды

СҚО-да МӘМС аясында инсульт алған 303-тен астам адам медициналық оңалту шараларымен қамтылды

2024 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының СҚО бойынша филиалы 52 медициналық қызмет көрсетушімен келісімге келген. Оның 28 – мемлекеттік, қалған 24 – жеке орталықтар, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“2024 жылға медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуді қаржыландыру көлемі 71,2 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге артық, онда 65,4 млрд теңге қамтамасыз етілді”,- «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО бойынша
филиалының директоры Айнагүл Давлетчина.

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында инсульт алған 303-тен астам адам медициналық оңалту шараларымен қамтылды. Науқастардың аяғынан тұрып, қалыпты өмірге оралуына көмектесу үшін міндетті медициналық сақтандыру арқылы 93,2 млн теңге бөлінді.

“Сонымен қатар, 2023 жылы көпсалалы облыстық ауруханада ми қантамырларының патологиясын анықтау немесе жоққа шығару үшін 93 церебральды ангиография жасалды. 186 эндоваскулярлық ота жасалды. Бұрын мұндай әдістер облысымызда қолданылмаған. Мұндай операциялардың орташа құны 600 мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейін”,- «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының директоры Айнагүл Давлетчина.

БАҚ өкілдерімен кездесуде спикер қор жаңа технологияларды енгізуді құптайтынын да айты, өйткені бұл халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету үшін қажет.

Shares