Солтүстікқазақстандық брейкинг шебері Амир Закиров – олимпиадалық лицензияның иегері
Солтүстікқазақстандық Амир Закиров брейкинг бойынша Будапештте өтіп жатқан олимпиадалық іріктеу жарысында екінші орын еншіледі. 1х1 сайысында жүлдеге қол созған жерлесіміз Парижге жолдама алды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Финалда біздің жерлесіміздің басты қарсыласы Нидерланд елінің өкілі Lee болды, ол алтынды қоржынға салды. Ал үшінші орынды Оңтүстік Кореядан келген Hong10 иеленді. Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Амир Закиров 71 ұпай жинады. Жалпы есепте қазақстандық би-бой алтыншы орынға тұрақтады, бұл оған олимпиадалық лицензия алуға мүмкіндік берді.
Бұл – тарихи жүлде. Амир Закиров брейкинг бойынша Қазақстан намысын қорғайтын тұңғыш спортшы болмақ.