СҚО садақшылары ҚР Кубогында бақ сынады
СҚО дәстүрлі садақ ату федерациясының үш өкілі Астанада өткен іріктеу турнирінде лайықты өнер көрсетті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Турнир 27-29 маусым аралығында өтті. Жеңіс тұғырына көтерілу үшін теріскейліктер, Қостанай, Ақмола облыстарының, сонымен қатар Астананың спортшылары шеберлік сынады. Алғашқы жарыс қорытындысы бойынша СҚО екінші орын алды.
“4 стиль бойынша садақ тартылды: азиялық нысан, “мажар” (венгр стилі), түрік нысаны және қазақ нысаны – “жамбы ату”. Соңғы стильде біз атқа міндік. ҚР Кубогы Астанада өтіп жатыр, бүгін басталды, қорытындысы 5 шілде күні шығады”, – деді СҚО дәстүрлі садақ ату федерациясының басшысы Жасұлан Ғаббасов.