Петропавлда триатлоннан жарыс өтеді
14 шілдеде, яғни жексенбі күні Петропавлда триатлоннан жарыс өтеді. Ұйымдастырушы тарап 18 жастан асқан барлық тілек білдіруші жанды қатысуға шақырады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Жарыс Пестрое көлінде өтеді. Бағдарлама 300 м жүзуден, 10 шақырымдық веложарыстан және 2,5 шақырымдық жүгіруден тұрады.
Сайыс соңында үздіктер
жас санаттары және жеке көрсеткіштері бойынша марапатталады.
Триатлонға қатысу үшін не қажет:
7 шілдеге дейін тіркелу
Қатысушының сақтандырылуы (әрқайсысы өзі жасайды)
Велосипед (тас жол, байк, ТТ)
Каска
Кроссовки
Көзілдірік және жүзуге арналған қалпақ
Дені сау және дәрігердің қатысуға рұқсат туралы анықтамасы болуы.
Қатысушыларды тіркеу 7 шілдеде жабылады.
8778 533 15 48 (Евгений) нөмір бойынша тіркеу жүзеге асырылады.