Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Оқушылар сарайындағы жазғы академияда 2 мыңнан астам бала оқытудан өтеді

Оқушылар сарайындағы жазғы академияда 2 мыңнан астам бала оқытудан өтеді

Оқушылар сарайы жанындағы жазғы академияның екінші маусымына 200 бала қатысады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Ол IT бағытқа арналған. Балалар оқу дрондарының құрылымын зерттейді, 3D модельдеумен, бағдарламалаумен айналысады. Оқушылар сарайы дирекорының IT бағыт бойынша орынбасары Дамир Мұстафин атап өткендей, барлығы 5 маусым жоспарланған, олардың әрқайсысы 2 аптаға созылады.

“Академия ақылы түрде жұмыс істейді. Бізде келесі маусымдарға орындар бар, өйткені ата-аналар жазда жол жүруге шешім қабылдайды. 5 маусымда екі мыңнан астам баланы оқытамыз деп отырмыз. Тұрақты оқушылар бар, жаңа балалар да келуде. Олармен оқытушылар мен кураторлар жұмыс істейді. Облыс аудандарынан келген балалар да бар, олар қалада туыстарының үйінде тұрады. Біз балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытамыз”, – деді Дамир Мұстафин.

Shares