Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі талапкерлерді қабылдауда

Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі талапкерлерді қабылдауда

25 маусым күні Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің қабырғасында қабылдау комиссиясының жұмысы басталды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Оқу орнының қабырғасында бюджеттік орындарға 9 және 11 сыныптар базасында “Мейірбике ісі”, 11 сыныптар базасында “Акушерлік іс” және “Зертханалық диагностика” мамандықтары бойынша студенттерді қабылдау жүзеге асырылады.

“Оқытудың толық өтемақысымен мына мамандықтарға құжаттар қабылдау жүргізіледі: 9 сынып базасында “Стоматология” дантист біліктілігі бойынша, 9 және 11 сынып базасында “Мейірбике ісі”, 11 сынып базасында “Фармация”, 9 және 11 сынып базасында “Емдеу ісі” фельдшер біліктілігі бойынша”, – деді Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Наталья Быченко.

Бұдан басқа, тарихи колледж мына мамандықтар бойынша кешкі оқуға қабылдайды: жалпы бейінді мейірбике біліктілігі бойынша “Мейірбике ісі” және фельдшер біліктілігі бойынша “Емдеу ісі”. Оқытудың мұндай форматы талапкерлерге жұмыс пен оқуды үйлестіруге мүмкіндік береді. Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжіндегі қабылдау комиссиясы грантқа түсуге ниет білдірушілер үшін 15 тамызға дейін, ақылы оқуға шешім қабылдағандар үшін 25 тамызға дейін, ал кешкі оқуға ниетті талапкерлер үшін 20 қыркүйекке дейін жұмыс істейтін болады.

Shares