Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да 7 мыңнан астам бала мектеп партасына отырады

СҚО-да 7 мыңнан астам бала мектеп партасына отырады

Ағымдағы жылы өңір мектептеріне 7351 бала алғаш барады. Бұл – облыстық білім басқармасының алдын ала болжамы, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, шілде айының басында өңірімізде 4862 ұл мен қыздың ата-анасы тиісті өтінішпен жүгінген.

Салыстыру үшін айтсақ, 2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысында бірінші сыныпқа алғаш рет 7,5 мың оқушы барған, оның 3 мыңнан астамы Петропавлдағы білім беру ұйымдарында тіркелген.

Shares