Қозыбаев университетінде оқитын болашақ географтар мен экологтар Өзбекстанда болды
«География және экология» кафедрасының студенттері Қазақстан мен Өзбекстанның қалаларында жазғы оқу-көшпелі тәжірибеден өтті. Тәжірибе барысында студенттер ауа-райын бақылап, өнеркәсіптік аймақтарда ауаны іріктеп, ондағы оттегі мен зиянды заттардың концентрациясын анықтады, су объектілеріндегі судың физикалық қасиеттерін зерттеді, топырақ, өсімдіктер үлгілерін жинады, картографиялық материалдармен жұмыс жасады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Сонымен қатар, болашақ географтар мен экологтар топтарға бөлініп, Бурабай және Щучинск қалаларына, Қарағанды облысына, СҚО Қызылжар ауданы Красноярка ауылына барды.
Өзбекстанда студенттер Ташкентте, Самарқандта, Бұхарада болды. Батыс Тянь-Шаньның биік белдеулері мен жоталарын көріп, Ұлы Жібек жолы өткен елдің бай тарихы мен мәдениетімен танысты. Ландшафттардың, топырақтың, табиғи аймақтардағы климаттың өзгеруін байқады.
Өзбекстанда жас зерттеушілерді біздің серіктес университет Мирзо Ұлықбек атындағы Ұлттық университет қарсы алды. Оның басшылығымен кездесуде ынтымақтастықтың алдағы жоспарлары талқыланды.