Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Өзге елдің студенттері қос диплом алу үшін Қозыбаев университетіне түсуде

Өзге елдің студенттері қос диплом алу үшін Қозыбаев университетіне түсуде

Егор Рохин Қозыбаев университетіне Ресейден, нақтырақ айтсақ, Екатеринбург қаласынан келді. Ол Аризона университетімен бірлесе қолға алынған қос диплом бағдарламасы арқылы оқымақ. Таңдаған бағыты – “Білім берудегі ақпараттық жүйелер”, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Мен IT-саланы қазіргі әлемдегі ең перспективалы салалардың бірі деп санаймын. IT-салаға деген қызығушылық 7-сыныпта пайда болды. Мен бірден екі диплом алу мүмкіндігін таңдадым. Осының арқасында табысты жұмысқа орналасу мүмкіндігім артады”, – деп атап өтті талапкер Егор Рохин.

Айта кетейік, Қозыбаев университетінде шетелдік студенттер Аризона университетімен бірлесе қолға алынған жоба аясында ақылы негізде оқиды. Бұл ретте қазақстандық талапкерлер грантқа түсе алады. Биыл 1200 грант бөлінді. Құжаттарды 24 шілдеге дейін тапсыруға болады.

Shares