Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Қазақстандық және ресейлік 700-ден астам бала футбол турнирінде бақ сынауда

Қазақстандық және ресейлік 700-ден астам бала футбол турнирінде бақ сынауда

Петропавлда үшінші жыл қатарынан халықаралық футбол фестивалі өтуде. Биыл оған 7 мен 10 жас аралығындағы 759 бала қатысады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қатысушыларлың санын арттырып жатырмыз, бізге 13 қаладан 48 команда келді. Ресейден жарысқа 10-ға жуық команда қатысады. Бұл – Омбы мен Қорған қаласының және Қорған облысының балалары. Еліміздің өңірлеріне келсек, Тараз, Қостанай, Қарағанды, Астана, Көкшетау, Павлодар және басқа да шаһардан қатысушылар бар. Фестивалдің 10-нан астам демеушісі бар, олар бұл мерекені ерекше ете түспек. Күн сайын 50-ге жуық номинация бойынша жүлделер таратылады. Облыс басшылығы іс-шараны ұйымдастыруға көмектесті”, – деді “Юниор” футбол мектебінің басшысы Евгений Кущев.

Фестивальдің салтанатты ашылуы “Жастар” стадионында өтті. Спорттық мерекенің қорытындысы 21 шілдеде шығарылады. Сыйлықтар өздерін белсенді көрсететін жанкүйерлер үшін де дайындалды.

“Мен 8 жастамын, Омбыдан келдім, 3,5 жыл футболмен айналысамын. Көп гол соғу үшін жақсы футболшы болғым келеді”, – деді футбол фестивалінің қатысушысы Мирослав Чернявский.

Shares