Петропавлдық студент Сингапур елінде тағылымдамадан өтіп жатыр
Амир Агзамов «Биотехнология» бағыты бойынша Қозыбаев университеті мен Аризона университетінің қос дипломдық бағдарламасында оқиды. Оқу толығымен ағылшын тілінде, ал дәрістерді Қазақстан мен АҚШ-тың жетекші профессорлары жүргізетіндіктен, 3 курс студенті «NUS Amgen Scholars Program 2024» шетелде тағылымдамадан өту бағдарламасына түсті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Қазіргі уақытта, ол Сингапур Ұлттық университетінде тағылымдамадан өтіп жатыр.
“Қозыбаев университетінің Халықаралық бағдарламаларында білім аламын. Мұнда студенттердің әлемді көруге, тәжірибе жинақтауға және өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндіктері артуда. Келесі жылы бір семестр бойы Америкаға оқуға бармақпын. Оқуды аяқтаған соң бірден Қазақстандық үлгідегі және Аризона университетінің екі дипломын аламын”,- деді Амир Агзамов.