Қозыбаев университеті мен СҚО прокуратурасы арасында өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды
Университеттің заң бағыты түлектерінің жұмысқа орналасу пайызын жақсартуға М. Қозыбаев атындағы СҚУ мен облыстық прокуратура арасында қол қойылған меморнандум мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл атқарушы жүйе органдарын білікті қызметкерлермен қамтамасыз етеді. Бұл туралы университеттің медиа-орталығы жазды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
СҚО прокуратурасымен тығыз қарым-қатынас жоғары деңгейде мамандар даярлауға мүмкіндік береді.
«Біз студенттерді дуальды оқыту саласында бірлесіп жұмыс істеуді ұсынамыз. 2023 жылы дуальды оқыту Ережелері қабылданды, бұл білім алушыларды тағылымдамадан өтуші-практикант ретінде жұмысқа жіберуге мүмкіндік береді. Қыркүйек айында біздің оқу бітіруші студенттермен жұмыс жасап, қабілетті түлектерді таңдап, оларды бір жыл ішінде жұмысқа дайындай аласыздар. Осы уақыт ішінде студенттер практикалық бөлімі мен дипломдық жобаларын қорғай алады. Кейін олар, прокуратура органдарындағы жұмыстың ерекшелігін түсініп, осында жұмысқа орналасады», – деп атап өтті Басқарма Төрағасы- Ректор Ербол Исақаев.
Әріптестер бастаманы қолдады. Ал СҚО прокуроры Қайрат Әбдіханов ғылыми-шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру үшін бірлескен ресурстарды пайдалануды ұсынды.
Осыған байланысты студенттер үшін прокуратура қызметкерлеріне дәрістер өткізуге, олардың мемлекеттік аттестаттау комиссияларына және дипломдық жұмыстардың рецензенттері ретінде, бірлескен ғылыми жобаларға, конференцияларға, семинарларға, спорттық және шығармашылық іс-шараларға қатысуға болады.