Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда қазақ күресінен бастау алған турнир 100-ден астам палуанның басын қосты

Петропавлда қазақ күресінен бастау алған турнир 100-ден астам палуанның басын қосты

Петропавлда қазақ күресінен “Бейбіт күннің батырлары” атты республикалық турнир өтуде. Екі күндік жарыс қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алуға арналған, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Турнирді Қазақстанның өрт сөндірушілері мен құтқарушылары қоғамдық қорының өкілдері, СҚО ТЖД қызметкерлері, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандары ұйымдастырды.

“Жүзден астам жігіт қатысуда, қатысушылар 14 өңірдің намысын қорғайды. Бізге Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және басқа да облыстардан спортшылар келді. Мұндай жарыс СҚО-да екінші рет өтуде”, – деді СҚО ТЖД штабының бас маманы Марина Самойленко.

Shares