Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » «Балалар үміті» қоры екі жас қазақстандықты оңалтуға жіберу үшін қаражат жинап жатыр

«Балалар үміті» қоры екі жас қазақстандықты оңалтуға жіберу үшін қаражат жинап жатыр

«Балалар үміті» қоры степногорлық Анита Курдюковаға қаражат жинауды жалғастыруда. Қызға баяу үдемелі аутоиммунды энцефалит диагнозы қойылған. Анита үшін елордада орналасқан орталықтағы үш апталық оңалту 1 миллион теңгеден сәл асады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Біз шілде айында қажетті соманың жартысын жинадық, оны Анитаның анасына аудардық. Бұл жинақты тамыз бен қыркүйек аралағында жабуды жоспарлап отырмыз. Өзекті мәселеде болжам жасау қиын. Соңғы рет Степногор қаласынан 19 жастағы Захар Тихоновтың отбасы шұғыл жинақ науқанын бастауды өтінген болатын. Сома – 20 млн. Біз тез арада көмектесе алмайтынымызды түсініп, отбасына ақпараттық қолдау көрсеттік», – дейді «Балалар үміті» қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісі Ольга Орлова.

«Балалар үміті» қайырымдылық қоры 6 жасар Мария Истоминаға да қаражат жинауға көмектесуде. Оны да оңалтуға жіберу керек. Баланың жамбас тұсында жарықшақ бар. Сонымен қатар, гидроцефалия анықталған. Бұдан бөлек те диагноз қойылыпты. Бұлардың барлығын қоса алғанда, өмір есігін ашқанына көп болмаған қыз қатты қиналуда.

«Оңалту Челябі қаласында болады. Оған 1 310 000 қажет. Бүгінде 686 987 теңге жиналды. Өкінішке қарай, ақша аудару баяулап кетті. Маша жақында оңалтуға бару керектігін ескерсек, жағдай мәз емес. Халықтан осы жинаққа назар аударуды сұраймын», – деп атап өтті Ольга Орлова.

Қаражат қорға ашық түрде жиналады. Оны жинауға азаматтық белсенділер ат салысуда. Олардың арасында мектеп оқушылары мен студенттер бар, деді Ольга Орлова. Ол жаздың соңына қарай балалар мектепке дайындалатынын және қордың іс-шараларына қатыса алмайтынын, сондықтан қаражат жинау баяу жүретінін мәлімдеді.

«Кейбір балаларымыз демалыста сауықтыру лагерьлеріне барады, сонымен қатар, оқушылар тамыз айында мектепке дайындалады. Біз студенттердің көмегіне сенеміз. Суық мезгілде айтарлықтай ақша жиналмайды. Жергілікті сауда орындарына ақша салынатын жәшік қойғымыз келеді. Бүгінде екі шағын жәшігіміз бар. Қазір оларды орнатуға келісім беретін жандарды іздеп жатырмыз. Бокстарға әжептәуір ақша жиналады. Олардың барлығы тағдыр сынаған балалардың еміне жіберіледі», – деп атап өтті «Балалар үміті» қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісі.

Shares