СҚО-да “AMANAT” партиясы “Баланы мектепке даярлайық” акциясын бастады
Солтүстік Қазақстан облысында “AMANAT” партиясы дәстүрлі шара – “Баланы мектепке даярлайық” акциясын бастады. 2010 жылы қолға алынған бастама “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында жалғасуда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
⠀
Акцияның мақсаты – аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, жетімдер мен әлеуметтік баспана тәрбиеленушілеріне жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесу. Балаларға көмек демеушілер есебінен жасалады. Сөмкелер, мектеп киімдері, спорттық киім, аяқ киім, кеңсе тауарлары, сертификаттар сатып алынбақ.
“Биылғы жыл оңай болған жоқ. Бұрын-соңды болмаған су тасқыны мыңдаған отбасыны үйлерінен және әдеттегі өмір салтынан айырды. Алда жаңа оқу жылы күтіп тұр. Балаларды дайындауға қосып жатқан үлесіміз су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың балаларын бақытты етеді деп үміттенеміз”, – деп атап өтті “AMANAT” партиясы СҚО филиалының өкілдері.