Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Конституция күніне орай Петропавлда «Қызылжар-2024» ашық жартылай марафоны өтеді

Конституция күніне орай Петропавлда «Қызылжар-2024» ашық жартылай марафоны өтеді

2024 жылдың 25 тамызы күні Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Қызылжар-2024» ашық жартылай марафоны өтеді. Шара Пестрое көлінде 8:00 басталады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Ниет білдіргендер төрт қашықтықта бақ сынай алады:

•⁠ ⁠5 шақырымға Скандинавиялық жүріс (жас ерекшелігінде шектеу жоқ)
•⁠ ⁠5 шақырымға жүгіру (15 жастағы және одан үлкен қатысушылар)
•⁠ ⁠10 шақырымға жүгіру (18 жастағы және одан үлкен қатысушылар)
•⁠ ⁠21 шақырым 97,5 метрге жүгіру (18 жастағы және одан үлкен қатысушылар)
10 км және 21 км 97,5 м қашықтыққа жүгіру кезінде қатысушы міндетті түрде 18 жаста болуы керек!

Жарыс аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға медаль мен футболка, ал жартылай марафонға қатысушыларға медаль, футболка және қалпақ беріледі. Ерлер мен әйелдер арасындағы әр қашықтық пен әр жас тобындағы чемпиондар мен жүлдегерлер медальмен және тиісті дәрежедегі дипломмен марапатталады.

21 км 97,5 м жартылай марафон бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы абсолютті біріншілікте мынандай сертификаттар беріледі:
1 орынға 50 000 теңге
2 орынға 30 000 теңге
3 орынға 20 000 теңге

Қатысу үшін төлем жасаудың қажеті жоқ. Қатысушыны тіркеу үшін (8-777-286-36-87) телефон нөмірі бойынша WhatsApp арқылы жазу керек: жынысы, тегі, аты, туған күні, қашықтығы. Тіркеу 2024 жылдың 16-21 тамыз аралығында 20:00-ге дейін жүргізіледі.

Қатысу нөмірлерді тарату 24 тамыз күні 9:00-ден 14:00-ге дейін өтеді – мекенжайы: Жамбыл көшесі, 84, «Александр Винокуров» спорт сарайы.

Қатысу нөмірін алу кезінде сізде мыналар болуы керек:
1.⁠ ⁠Жеке куәлік;
2.⁠ ⁠Қағаз түріндегі сақтандыру – спортшыны спорттық іс-шараларға қатысу кезіндегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру (кез келген сақтандыру компаниясында жасалады, онлайн режимде жасап, дайын күйде әкелу керек);
3.⁠ ⁠027 нысандағы денсаулығы туралы қағаз түріндегі анықтама (дәрігердің жарысқа немесе Скандинавиялық жүріске қатысуға рұқсаты) тұрғылықты жері бойынша емханада беріледі.

Ұзақ қашықтыққа жүгіру тек дене күшін ғана емес, күшті рухты, табандылықты, тәртіпті қажет етеді.

Shares