Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да жаңа оқу жылына дайындық қыза түсті

СҚО-да жаңа оқу жылына дайындық қыза түсті

СҚО-да жаңа оқу жылында 461 мектепке дейінгі ұйым, 458 мектеп, 24 колледж жұмыс істейтін болады. Алдын ала деректерге сүйенсек, мектепке дейінгі ұйымдардағы контингент 17 мың тәрбиеленушіні және 75 мыңнан астам оқушыны құрайды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Бірінші сыныпқа баратын оқушы саны – 7 351 адам. 1 сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау жұмысы 31 тамызға дейін жүргізіледі. Ал 11-сынып түлектері – 3 875 адам. Жаңа оқу жылының ерекшеліктеріне тоқталайын. Оқу жылының ұзақтығы – 34 апта, 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады. 1-сынып оқушылары үшін – қосымша демалыс есебінен 33 апта. Жазғы демалыстың ұзақтығы 3 айды құрайды. 1 маусымнан 31 тамызға дейін жалғасады. Осы жылдан бастап 3-сынып оқушылары шет тілін, еңбекке баулу және бейнелеу өнерін меңгеретін болады”, – деді СҚО әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопопова.

24 колледжде адам саны 11 мыңға жуық студентті құрайды, 1 курсқа 3,5 мың талапкер қабылданады, оның ішінде жұмысшы мамандықтарға – 1 870 адам, орта буын мамандарына – 1 500 адам. Бүгінгі таңда 3 157 өтініш келіп түсті. Қабылдау 29 тамызға дейін жалғасады.

Shares