СҚО-да 554 педагог әдістемелік орталықтың қолдауымен “Талдау” платформасында оқиды
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Үкімет аппаратымен және білім басқармаларымен бірлесіп, өткен жылдан бастап “Барлығына қолжетімді сапалы білім беру” ұлттық баяндамасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Осы жұмыс шеңберінде еліміздің әрбір өңірінде әдістемелік қолдау көрсетілетін нысаналы мектептер айқындалды. Бұл істі барлық облыста, соның ішінде СҚО-да құрылған жобалық кеңселердің өкілдері жүзеге асырады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Жобаға облыстың толық жинақталған мектептерінен 20 білім беру ұйымы кірді. Әдістемелік сүйемелдеу РМК және әдістемелік орталық әдіскерлерінің және тәлімгерлерінің жетекшілігі арқылы өтеді, сондай-ақ біз НЗМ, ПШО, Ы.Алтынсарин атындағы КЕАҚ, “Өрлеу” БАҰО АҚ мамандарын тартамыз. Әдістемелік орталықтың жанынан Жобалық кеңсе ашылды, нысаналы мектептердің 554 педагогы “Талдау” платформасында тіркеліп, оқытудан өтеді. 12 тамызда бастауыш сынып мұғалімдерін оқыту курсы басталды”, – деді СҚО білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының директоры Роза Сәркен.
Әдістемелік жұмыс орталығының директоры педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша да іс-шаралар жоспарланғанын айтты. Жобалық офис жұмысының соңғы кезеңі “Мақсаттан қол жеткізуге” нысаналы мектептер форумын ұйымдастыру және өткізу болады, онда бір жылдағы жұмыстың қорытындылары шығарылмақ.