Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Тамыз конференциясына қатысушылар Петропавлдағы арнайы көрмеде цифрлық әзірлемелерін ұсынды

Тамыз конференциясына қатысушылар Петропавлдағы арнайы көрмеде цифрлық әзірлемелерін ұсынды

Оқушылар сарайында Тамыз конференциясы аясында цифрлық көрме өтті. Онда авторлық әзірлемелерді мектепке дейінгі, орта және қосымша білім беру ұйымдарының өкілдері таныстырды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Көрмеде оқу процесінде QR-кодтарды қолдану арқылы ашуға болатын әдістемелік материалдарды кездестіруге болады. Оларды балалармен өтетін сабаққа қалай енгізуге болатындығы туралы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылындағы “Колосок” бөбекжай-бақшасының меңгерушісі айтып берді.

“Біз 61 жұмыс жинақталған мобильді кітапхананы ұсынамыз, ол мектепалды топтың бағдарламалық материалына сәйкес келеді. Біз жобаны “Абай атаның бағы” деп атадық. QR кодтары балаларға қызықты болу үшін ағаштарға орналастырылды. Жоба 1 қыркүйекте басталады, СҚО-да ол 40 мектепке дейінгі ұйымда болады. Шығармалардың бір бөлігін балалардың туыстары оқиды. Бұл олар үшін тосын сый болады. Осындай кітапхананың көмегімен балалар қазақ тілін жақсы үйренеді, ертегі материалдарын бекіту үшін орыс тілінде дубляждалады”,-деді Айыртау ауданы Саумалкөл ауылындағы “Колосок” бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Жанагүл Ахметова.

Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы “Мирас” бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері де QR-кодтардың болашағы бар деп есептейді.

“Бізде QR кодтары бар дидактикалық материал көп. Оның көмегімен балалармен мемлекеттік тілде жаңа сөздерді үйретеміз. Біздің балалар ұлттық тағамдарды зерттейді, оларды дайындау тәсілдерімен танысады. Ертегілер, музыка, өлеңдер және басқалары кездесетін материалдар бар. Тәрбиешілерге де материал әзірленген”,- деді Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы “Мирас” бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Ирина Антипина.

Кинорежиссер А. Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің физика пәні мұғалімі оқу үдерісіне басқаша көзқараспен қарайды. Қанат Шәкенов жаңа технологияларды қолданбай-ақ, оның шәкірттері сапалы білім ала алатынына, ең бастысы оларды қызықтыратынына сенімді.

“Менің сабақтарымда балалар қолмен көп жұмыс істейді, қолөнер жасайды, бірақ алдымен талдайды және ойлайды. Оқушылар бір нәрсені құрастырған кезде көп қателеседі, бұл – оқу процесінің бір бөлігі. Сауатты мұғалім тіпті ең аз жабдықпен де сабақты қызықты етеді. Бірнеше жыл бұрын мен және менің оқушым елордалық атом энергетикасы институтымен жұмыс істеу бақытына ие болдым. Оқушы екі аптаны Астана қаласында өткізді, біз жалған монеталарды тану жобасын жасадық. Ауданда жұмыс – бірінші орынды, ал облыста екінші орынды иеленді, жоба республикалық деңгейде бағаланды”, – деді Қанат Шәкенов.

Shares