Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қозыбаев университетінде 2 мыңнан астам адам грантта оқи алады

Қозыбаев университетінде 2 мыңнан астам адам грантта оқи алады

Қозыбаев университетіне бакалавриатқа 1 390 адам түсті. Бұл – университеттің қабылдау комиссиясы ұсынған мәлімет. Ақпармен өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ЖОО-ның Басқарма Төрағасы – Ректоры Ербол Исақаев бөлісті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі

“Айтар болсақ, грант иегерлерінің саны артты. Биыл біз 1139 білім грантын алдық. Оның ішінде ТЖ квотасы бойынша бөлінген 86 грант бар. Барлық бағыттар бойынша 2000-нан астам адамды қабылдау болжанып отыр”, – деп атап өтті Ербол Исақаев.

Ал Аризона университетімен бірлескен білім беру және қос дипломды бағдарламалар бойынша ЖОО-ға 507 грант бөлінді.

Shares