Петропавлдағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы академиясына 218 курсант оқуға түсті
Петропавлда Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы академиясының базасында жаңа оқу кезеңінің басталуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Биыл академияға 218 курсант қабылданды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Жаңадан қабылданғандардың ішінде еліміздің кез келген жоғары оқу орнының қабырғасында тегін білім алуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламаның сертификатын иеленген 13 курсант бар. Бірақ олар Ұлттық ұлан академиясын таңдағанын атап өтуге болады.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары Бауржан Әбжанов өз сөзінде білімге, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзінің таңдаған әскери мамандығының негіздерін түсінуге ұмтылған болашақ офицерлер маңызды мақсаттар қоюға және оларға қол жеткізуге мүмкіндік алатынын атап өтті.
“Күз айының алғашқы күні біз оқу орнымыздың табалдырығын алғаш аттаған 1 курс курсанттары мен магистранттарын ерекше салтанатты түрде қарсы аламыз. Олар үшін бірінші оқу жылы – ең маңызды сәттердің бірі. Олардың білім ордасында алған қабілеті мен дағдылары болашақтағы офицерлердің әскери қызметі мен тағдырына әсер етеді”, – деді Бауржан Әбжанов.
Сондай-ақ жаңа оқу кезеңінің ашылуында тілдік дайындық кафедрасының оқытушысы Жадыра Шакирбаева мен оқу процесін қамтамасыз ету батальонының жөндеу взводының командирі Дәурен Жүнісовке алғашқы офицерлік погондар табысталды.