Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Тректегі велоспорттан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Данияр Шаяхметов Петропавлға оралды

Тректегі велоспорттан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Данияр Шаяхметов Петропавлға оралды

Петропавлдықтар велоспортшы Данияр Шаяхметовты қарсы алды. Ол Лоян қаласында тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Желдей жүйрік жерлесіміз кейрин бағдарламасының ақтық сынында жеңімпаздан 0.026 секундқа ғана қалып қойды. Осылайша, Данияр Шаяхметов әлемдік деңгейдегі кейрин бағдарламасында жоғары нәтижеге қол жеткізген алғашқы қазақстандық велошабандоз атанды.

Данияр велоспортпен алты жылдан бері айналысады. Осы уақыт ішінде айтарлықтай жетістіктерге жетті.

“Аmanat” партиясы СҚОФ мәжіліс залында тректегі велоспорттан әлем чемпионатының күміс жүлдегеріне құрмет көрсетілді. Спортшыны облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев құттықтады және оған облыс әкімінің атынан 700 000 теңгелік сертификат табыс етті.

Shares