Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » СҚО әкімі Ислам Евлоевты әлем біріншілігіндегі жеңісімен құттықтады

СҚО әкімі Ислам Евлоевты әлем біріншілігіндегі жеңісімен құттықтады

Солтүстік Қазақстан облысының балуаны Ислам Евлоев грек-рим күресінен Испанияда өткен 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы біріншілікте әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Финалда балуанымыз түрік спортшысын айқын басымдықпен жеңіп, дайындығы мен тактикалық шеберлігінің жоғары деңгейін көрсетті. 

“Халықаралық аренада спортшымыз жақсы қырынан танылды. Исламды және оның жаттықтырушысы Қонысбек Түкеновті әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтап, оған спорттық мансабында сәттілік тілеймін”, – деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.

Shares