Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » PETROWORKOUT фестивалі: белтемірде еркін тартылған солтүстікқазақстандық спорт ардагерлері көпшілікті тәнті етті

PETROWORKOUT фестивалі: белтемірде еркін тартылған солтүстікқазақстандық спорт ардагерлері көпшілікті тәнті етті

Петропавлда ерекше спорт фестивалі – PETROWORKOUT өтті. Мықтылардың басын қосқан чемпионатқа төрт жас санатындағы 45-ке жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Белтемірге тартылу бойынша ұйымдастырылған PETROWORKOUT спорт фестивалі 18 жасқа дейінгі, 19-30 жас, 31-50 жас, 51 және одан жоғары жастағы спортшыларды жинады.

Бәсекеде жаттығуды орындау техникасына ерекше назар аударылды. Ұйымдастырушылар атап өткендей, чемпионат Street Workout – кез келген жерде жаттығуға мүмкіндік беретін жастар спортының бірегей бағытын танымал ету үшін өткізіледі.

Жарыс барысында СҚО-ның спорт ардагерлері фестиваль қатысушыларын таңқалдырды. Мысалы, Александр Наумов 55 рет, ал Рафаил Қадыров 59 рет тартылды.

Жарыс қорытындысы бойынша 18 жасқа дейінгі санатта мына спортшылар жүлдеге ілікті:
1 орын – Әлихан Сәдуақасов 30 р.
2 орын – Данил Дизендорф 25 р.
3 орын – Нұржан Сабыржан 24 р.

19-30 жас санатында:
1 орын – Никита Изотов 47 р.
2 орын – Станислав Власенко 45 р.
3 орын – Азамат Әбішев 40 р.

31-50 жас санатында:
1 орын – Рафаил Қадыров 59 р.
2 орын – Мақсат Нүсіпов 43 р.
3 орын – Дмитрий Кузьменко 43 р.

51+ санатында:
1 орын – Александр Наумов 55 р.
2 орын – Сергей Матюшин 33 р.
3 орын – Альберт Алмаев 25 р.

Shares